Бүгін қаламыздағы «Арман алаңы» мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету және оңалту инклюзивті орталығында дүниежүзілік сәбилер күніне орай Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы. Оңалту орталығында аутизммен ауыратын балаларға кешенді ем-дом жүргізіледі. Орталықта 18 жастан асқан 22 ерекше күтімді қажет ететін балалар келіп, таңертеңнен кешке дейін қажетті емін алады.
Онда логопед, психолог-дәрігерлер балаларға көмек берумен қатар, білімге баулып, қоғамнан алыстамауын қамтамасыз етеді. Алмагүл Кенжетаева – «Рахмет саған, анашым!» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Ол аутизм дертіне шалдыққан екі баланың анасы.– Үкімет тарапынан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға қамқорлық бар, оларға санаторий, курортқа жолдама беріледі. Ал 18 жастан асқандар қоғамнан тыс қалып жатады да, аса қолдауды қажет етеді. Қазір, міне, осындай балалармен айналысатын шағын орталықтар бірігіп, кешенді қызмет көрсететін үлкен орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Сонда олар өздері сияқты балалармен араласып, достасуына, түрлі спорттық ем-шараларды бір жерден алуына тиімді болмақ. Қазіргі күні шағын орталықтарда балалардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасалған. Қолөнерге баулып, сол арқылы баланың ой-өрісінің дамуына ықпал ету де – басты мақсатымыз. Осы арқылы екінші жағынан қоғамға да пайдасын тигізер еді, - деді орталық басшысы Фарида Полуанқызы.
Свежие комментарии