На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Свежие комментарии

«Бақытты қалаға саяхат» конкурсын жеңген француз азаматы наурызда Шымкентке келеді

Францияның Париж қаласында өткен роуд-шоуда “Бақытты қалаға саяхат” конкурсын жеңген француз азаматы Наурыз мерекесінде Шымкент қаласына саяхаттап келеді, деп хабарлайды  Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы. 

Нельсон Родригес Қазақстан жайлы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы аталған конкурстың жеңімпазы атанды.

Ол Наурыз мерекесінде Шымкент қаласына келіп, өңірдің мәдениетімен және тарихымен танысуға ниеттеніп отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы қаланың туристік мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығын насихаттау, туристік ағынын арттыру және туристік өнімді жарнамалау мақсатында Париж қаласында роуд-шоу ұйымдастырған болатын. Роуд-шоу -  аймақтың турбизнес өкілдерін қаламыздың туристік мүмкіндіктерімен, гастрономиясымен, мерекелік іс-шараларымен, бағдарламаларымен таныстыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, Франция Қазақстанға инвестиция салушы елдер арасында алғашқы ондықта. Жыл сайын бұл елге миллиондаған турист келеді. Яғни, туризмі қарқынды дамыған алпауыт ел ретінде белгілі. Францияның туризмі ел экономикасының маңызды аспектісі болып табылады. Осы елдің тәжірибесін пайдалана отырып, екіжақты туристерді тарту үшін бірлесе жұмыстар атқарылмақ. Бұл қадамдар туристік ағымды ұлғайту үшін ғана емес, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру, сапарлармен алмасу, өзара инвестициялар тарту, мемлекеттер арасындағы саяси диалогты кеңейту үшін де нәтиже береді деп күтілуде.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх