Бүгінде Шымкент қаласында заманауи көлік-логистикалық орталық жұмыс істеп тұр. Онда температурасы бақылататын «А» және «В» класты қоймалар, автокөлік және теміржол тұйықтары бар. Орталықтың қуаттылығы жылына 1 миллион тонна тауарды қабылдап алуға, сақтауға және жөнелтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласындағы аталған көліктік-логистикалық аймақты кеңейту арқылы Қазақстанның бүкіл өңтүстік өңірін қамтитын Өңірлік хаб құруды міндеттеді.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі 2022 жылғы 17 қарашада арнайы қаулы қабылдады. Оған сәйкес көлік-логистикалық орталықты кеңейту мақсатында қажетті инфрақұрылым жүйелері жүргізілуде. Сонымен қатар әлеуетті инвестициялық жобалардың пулы әзірленген. Кеңейтілген орталықта жалпы құны 86 млрд. теңгеден асатын 20 жобаны іске асыру жоспарланған.
Жалпы, бүгінде Шымкент қаласында жаңадан 4 өндірістік адаң құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Онда жалпы құны 459 миллиард теңгені құрайтын 121 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарланған.
Свежие комментарии