Бүгін Жеңіс саябағында Еңбекші ауданының жаңа жылдық шыршасының шамы жағылды. Мерекелік кешке аудан әкімі Досбол Есілбек, ардагерлер, аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы.
Аудан әкімі салтанатты кеште қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Сәрсенбайұлы да мерекелік лебізін білдірді.
Мерекенің сәні Аяз ата мен Ақша қар да халық ортасында болып, келушілерге қуаныш сыйлады. Балалар ән айтып, би биледі. Өнерін ортаға салған бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірілді.
Свежие комментарии