На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Свежие комментарии

Түркістан облысының тұрғыны танысын алдап, қаражатын иемденіп алған

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяққа алданғанын хабарлап, шағым түсірді. Жас жігіттің айтуынша, оған танысы жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендірген. Осыдан соң ол танысына 150 мың теңге берген. Алайда арада бір айға жуық уақыт өтсе де, жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмайды.

Содан кейін полицейлерден көмек сұрайды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар жергілікті тұрғын, жас жігіт анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт жәбірленушінің ақшасын алып, бас пайдасына жаратып жіберген.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх