На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Свежие комментарии

Шымкент: «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі М.М.Ахметжановтың нұсқауына сәйкес, Шымкент қаласы аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы бастау алдыдеп хабарлайды Шымкент Полиция департаменті.

Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады.

Сондай-ақ, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған және қабылданып жатқан шаралармен жалпы халықты таныстыру.⠀

Егер де, Сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз:- Зорлық-зомбылық дерегі туралы шұғыл түрде Полиция департаментінің «102» телефон нөміріне хабарласыңыз немесе жазбаша арызбен жүгініңіз;- Құқық бұзушыға шара қолдану үшін полиция қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерге келулерін талап етуге құқылысыз;- Жарақат алған жағдайда «103» нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз. Полиция қызметкерлерінен сот-медициналық куәландырудан өтуге жолдама алыңыз.⠀

Сізге, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп, құқық қорғау органдарының, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс телефондары ұсынылады. Хабарлама бойынша құпиялылық сақталады.⠀Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған Дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Орталықта зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер мен балаларға 6 айға дейін орналастырылып қызмет көрсетіледі.⠀

Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда, Сіз Шымкент қаласында орналасқан дағдарыс орталығыың телефон 87252 273479. +77754351518, 8(7252)551200, 8(7252)551300, 8(7252)377539 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз. Сізге көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, миллионды қала – Шымкентте қарашаның жиырма бесінен басталған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы 10-желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх