На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Свежие комментарии

Түркістан облысында бақташы бөтеннің жылқысын талан-таражға салған

Созақ полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын бақташы жылқысын сеніп тапсырған. Алайда қазіргі уақытта биесін қайтарып ала алмағанын көрсеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алды.

Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл шықты. Полицейлердің жүргізген тиянақты жұмысының нәтижесінде жергілікті тұрғын ер адам анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті жылқыны арзан бағада 100 мың теңгеге сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх